RU

Қартаймайды: Қыздарынан жас көрінетін үш баланың анасы әлем назарына ілікті

40 жастағы Каеня Букер Канаданың Жаңа Шотландия өңірінде тұрады. Келіншектің жас көрінетіні соншалық, желі қолданушылары оны туған қыздарынан айыра алмай қалған. Бикеш адамдарды таңғалдыратын суреттерін Instagram желісінде салып отырады деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Букердің суреттерін көрген желі оқырмандары оны қыздардың анасына емес, әпкелеріне ұқсатқан.

Ал кейбіреулері Каеняның халықты алдап, анасы болып көрініп жүргенін айтса, екіншілері келіншек бірінші қызын 15 жасында босанған деп топшылаған.

Қазір әйелді әлеуметтік желіде 100 мың желі қолданушысы оқиды. Оның күйеуі, 18 жастағы және 16 жастағы екі қызы мен төрт жасар ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764609-kartajmajdy-kyzdarynan-zas-krinetin-s-balany-anasy-lem-nazaryna-ilikti.html