RU
Білім министрлігі білім сапасын жақсарту үшін шетелден 67 млн доллар қарыз алмақ
Жаңалықтар Саясат және экономика

Білім министрлігі білім сапасын жақсарту үшін шетелден 67 млн доллар қарыз алмақ

Рассказать Вконтакте

Бүгін Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік даму банкінен 67 миллион долларды қарызға алатын болды. Теңгеге шаққанда 25 миллиардты құрайтын қаржы республикалық қазынадан 17 жылда кері қайтарылуы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: bigpicture.ru

Көрнекі фото: bigpicture.ru
Source: Facebook

Келісім бойынша, 1 доллардың құны 360 теңге болып бекітіліпті. Ал қарыз бойынша алғашқы төлем тек бес жылдан кейін жасалмақ.

Оған дейін берешекке алынған қаржыға жеті жарым мыңға жуық мектепті компьютер, интерактивтік тақта сияқты заманауи құрал-жабдықпен қамтып, педагогтардың біліктілігін арттыру көзделген.

Әрі мүгедек балалардың ел қатарлы білім алуына жағдай жасау үшін де ақша қарастырылған.

Айта кетейік, бұл бағытта қазынадан да жылда миллиардтар бөлінеді екен. Алайда ол жеткіліксіз болғандықтан, қарыз алуға тура келіпті.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
48
4
5
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel