RU
Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ болып, бұрқасын соғады
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ болып, бұрқасын соғады

Рассказать Вконтакте

21 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі. Сонымен қатар, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ.

Еліміздің бірқатар аймағында көктайғақ болып, бұрқасын соғады

Көрнекі фото: styler.rbc.ua
Source: Instagram

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей бөліктерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ болады. Түркістан облысының кей аймақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Павлодар облыстарында тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel