Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаевтың көзінше «103» жауап бермеді: Әкім дәрігерлерге шүйлікті

Опубликовано:

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы кезде даудан көз ашпаған станцияның жұмысын тексеру үшін өңірдегі жедел жәрдем бекетіне барды. Сапарбаевтың көз алдында «103» нөміріне соғылған қоңырауға жауап берілген жоқ. Ал орталықтың жаңадан тағайындалған бас дәрігері әкім мен тілшілердің алдында көк терге түсті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаевтың көз алдында «103» қызметі тұтқаны көтермей тастады
Фото: NUR.KZ: Twitter

Сапарбаев диспетчер қызметін бақылау үшін NUR.KZ тілшісінен «103» нөмірін теруді сұраған болатын. Алайда ұзақ соғылған қоңыраудан кейін тұтқаны ешкім көтермеді.

Тек диспечердің «күте тұрыңыз» деген автоматтандырылған дауысын екі рет естілді. Екіншісінде әкімдік қызметкері қайтара қоңырау соққанда ғана телефон бірден көтерілді.

Сапарбаев диспечер жұмысын көзімен көріп, басын шайқап кетті. Орталыққа жаңадан тағайындалған бас дәрігерден «Жағдайды өзгерте аласың ба?» деп тікесінен сұрады. Әбігерге түскен бас дәрігер кемшіліктерді қолға алуға уәде берді.

Сапарбаевтың көз алдында «103» қызметі тұтқаны көтермей тастады
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Тұрғындардан шағым көбейді. Естеріңізде болсын, қандай жағдайда болмасын «науқас, ата-ана кінәлі болды» деген түсінікті бастарыңыздан алып тастаңыздар!

Баласы ауырып, өлейін деп жатқанда ата-ананың жағдайы қандай болу керек? Біз неге соны түсінбейміз?

«Дұрыс айтпады, ақпаратты дұрыс бермеді» деп ақталуға болмайды. Қоңырауды қабылдаңыздар, бригада жіберіңіздер", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, әкім Ақтөбенің бас дәрігеріне «103» нөміріне жиі қоңырау шалып тексеріп тұруды тапсырды.

Сапарбаевтың көз алдында «103» қызметі тұтқаны көтермей тастады
Фото: NUR.KZ: UGC

Естеріңізде болса, өңірде қараша айында талып құлаған 7 жастағы қыз жедел жәрдем жеткенше үйінде көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. «103» қызметінің 49 минутқа кешіккені расталып, бас дәрігер жұмысынан кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764640-saparbaevty-kzinse-103-zauap-bermedi-kim-drigerlerge-sjlikti/

pixel