RU
Мәскеуде көкке көтерілген ұшақ ер адамды қағып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Мәскеуде көкке көтерілген ұшақ ер адамды қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Мәскеу-Афины рейсін орындаған Boeing 737 ұшағы Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында ер адамды қағып кетті.

Көрнекі фото: Samolety.org

Көрнекі фото: Samolety.org
Source: Instagram

БАҚ мәліметтері бойынша, қаза болған адам - Испаниядан депортацияланған Армения азаматы. Қазір тергеу комитеті мен прокуратура орын алған оқиғаны тексерумен айналысып жатыр.

Әуежайдың өкілі Анна Захаренкова ұшу жолағындағы оқиға туралы хабарлама Мәскеу уақыты бойынша сағат 20: 00-де келіп түскенін айтты.

"Сағат 20: 10-да экипаж тарапынан ұшақтың белгісіз затпен соқтығысуы туралы хабарлама келді. Аумақты тексеру фактісі бойынша адамның денесі, киімі және басқа да жеке заттары табылды", - деп хабарлады Захаренкова.

Интерфакс дереккөзінің айтуынша, ұшақтың борттық жүйелері ұшқыштарға қандай да бір зақымданулар туралы дабылдамаған. Сондықтан рейсті Шереметьево қаласына қайтармауды ұйғарып, лайнер Грецияға ұшуды жалғастырған.

Оқиға орнына "Апаттар медицинасы" және жедел жәрдем, сондай-ақ көлік полициясы мен әуе қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлері келген.

Ал қаза тапқан адамның жеке тұлғасы анықталды, алайда ол туралы нақты деректер әлі айтылмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel