RU
Кабулда пайғамбардың туған күнін тойлап жатқанда жарылыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Кабулда пайғамбардың туған күнін тойлап жатқанда жарылыс болды

Рассказать Вконтакте

Кабулда Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) туған күніне орай неке қию сарайында жиналған дін қызметкерлері жарылыстан зардап шекті. Онда кем дегенде 43 адам қаза тауып, кем дегенде 83 адам ауыр жарақаттар алған деп хабарлайды BBC.

Фото: BBC

Фото: BBC

Жарылыс банкет залында орын алған. Tolo news арнасының хабарлауынша, бұл уақытта залда мыңдаған адам болыпты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылғыш құрылғыны марқұм болған жанкешті іске қосқан.

"Лаңкес неке қию залының ішіне жарылғыш зат алып кірген болу керек. Ал онда Ислам дінін ұстанушылар Мұхаммед пайғамбардың естелігіне құрмет көрсету үшін жиналған", - дейді Ауғанстан ІІМ өкілі.

Агенттіктің үш дереккөзі 50-ден астам адам қаза болғанын айтқан. Ал Tolo News 43 адамның өлімі ресми расталғанын хабарлады.

Бұл жарылыс Ауғанстанда соңғы айлардағы құрбандар саны бойынша ең ірі шабуылдардың бірі болып отыр.

Қазан айында парламенттік сайлау кезінде ел бойынша зорлық-зомбылық толқыны жүрген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
6
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel