Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серіков келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын төртінші ұлы дүниеге келген Тоқтар Серіков келіншегі мен баласын перзентханадан шығарып алды деп жазады NUR.KZ.

Жұлдызды жұптың бұл қуанышына өнер иелері мен олардың жақындары жиналған.

Ал Бейбіт Сейдуәлиеваның перзентханадан шыққан сәтін журналист Анна Данченко видеоға түсіріп алыпты.

Видеоны көрген желі қолданушылары қос әншіге ақ тілектерін жаудырды.

"Сәбидің бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Халқының ұлы болсын", "Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева төртінші ұлдарына Шахнұр деп есім берген.

Ал Мейрамбек Бесбаев төрт балалы әке атанған досына жүрекжарды тілегін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар мен Бейбіттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764645-toktar-serikov-kelinsegi-men-lyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy/

pixel