RU
Қазақтың бетке ұстар боксшылары неге рингте көрінбей кетті?
Жаңалықтар Спорт

Қазақтың бетке ұстар боксшылары неге рингте көрінбей кетті?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда кәсіпқой бокс түрі өте қарқынды даму үстінде. Отандық боксшылар бірінен соң бірі мұхит асып, мансабын АҚШ-та жетілдіріп жатыр. Олардың мұндай талпынысына Геннадий Головкиннің жетістігі себепкер болса керек. Алайда осыдан бірер жыл бұрын елінің атын шығарып, қарсыластарының қорқынышты түсіне айналған қазақ боксшыларының бірқатары бүгінде рингтен көрінбей кетті деп жазады prosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz Коллаж: NUR.KZ

Фото: prosports.kz Коллаж: NUR.KZ

Болашағынан үлкен үміт күттірген отандық боксшылар бүгінде спорттан алшақтап кеткен. Көпшілік оларды былғары қолғаппен қош айтысты деп ойлап жүргені де жасырын емес.

Қанат Ислам, 34 жас.

Бірінші орта салмақ (69 келіге дейін) 

Жетістігі: 25 – 0, 20 КО

Соңғы жекпе-жегі: 9 қыркүйек 2017 жыл, Брэндон Кукқа қарсы.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Танымалдылығы бойынша екінші орынды иеленетін отандық боксшы Қанат Ислам бүгінде мансабындағы аса ауыр күндерін басынан өткізіп жатыр.

Ол бокс әлеміндегі аса беделді Эгис Климас атты менеджермен келісімшартқа отырған кезде, барлығы оған титулдық жекпе-жек беріледі деп күтті. Алайда Қанат АҚШ-та жарақат алып қалуына байланысты елге қайтып, жоспарлағаны іске аспай қалды.

Қазақстанда оған жарақатының өзі ойлағанынан да ауыр екенін айтқан. Қанат Исламның рингке шықпай кеткеніне осымен бір жыл болды.

Жанкүйерлер "қазақ батыры мансабын аяқтауға жақын" деген болжам жасап та үлгерді. Бірақ, қазақстандық боксшы оларды сабырға шақырып, жақында қайта оралатынына сендірген.

Иса Әкбербаев, 35 жас

Бірінші орта салмақ (90 келіге дейін)

Жетістігі: 20 – 0, 15 КО

Соңғы жекпе-жегі: 16 желтоқсан 2017 жылы, Мирнес Денадичке қарсы.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Көпшілік Геннадий Головкиннің досы жүлде үшін жұдырықтасады деп ұзақ күтті. Алайда АҚШ-та бірнеше мәрте жекпе-жек өткізіп көрген Иса қазіргі таңда Алматыға оралған.

Ол Қазақстанмен көршілес елдерде ғана жекпе-жекке шығып жүр. Оның соңғы кездесуі Киев қаласында өткен болатын. Иса босниялық Мирнес Денадичті төрешілер шешімімен жеңіп кетті.

Биыл отандық боксшы мүлде жұдырықтасқан жоқ. Иса Әкбербаевтың тіпті алған жарақаты да жоқ. Оның рингте көрінбей кетуіне ұйымдастырушылық жағы әсер еткен көрінеді.

Жанқош Тұраров, 27 жас

Жартылай орташа салмақ (66 келіге дейін)

Жетістігі: 22 – 0, 18 КО

Соңғы жекпе-жегі: 9 қыркүйек 2017 жылы, Бруно Леонардо Румайға қарсы.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Қанат Исламға қарағанда Жанқош Тұраров жайлы ақпараттық порталдар көптеп жазуда. Бірақ боксшының жақсы аты шықпай жүр. Жақында ғана ол атыс оқиғасы бойынша сот алдына келген болатын.

Өзінің соңғы жекпе-жегін қазақ батыры өткен жылдың қыркүйек айында өткізді. Қарсыласын жеңу оған оңай тимеген. Отандық боксшы бұл кездесуден кейін аса ауыр жарақат алып, біраз уақыт бокстан алыстап кетті.

Оны да Қанат Исламды сияқты үздік боксшылар рейтингісінен алып тастаған. Алайда Жанқош Тұраров өзіне тиесілі орынды жақын арада қайтарып алуға ниетті. Жасы енді 27-ге келген спортшының бағындырар белестері әлі де көп деген үміттеміз.

Бекман Сойлыбаев, 28 жас

Екінші жартылай орта салмақ (58 келіге дейін)

Жетістігі: 12 – 0, 4 КО

Соңғы жекпе-жегі: 19 қараша 2017 жылы, Фернандо Варгас Парраға қарсы.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

Жоғарыда айтылып өткен боксшыларға қарағанда Бекман Сойлыбаев рингке тұрақты түрде шығып тұрды. Алайда соңғы жекпе-жектен кейін оған не болғаны белгісіз.

Өткен жылдың қарашасында Фернандо Варгас Парраны жеңген ол бір жылдан бері бой көрсетпей кетті. Оған боксшының жарақаттары себеп болғаны анықталды.

Оған қоса, бұл спортшыға да Жанқош Тұраров сияқты менеджер ауыстырған абзал.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel