RU
"Нұрлы жол" қызметкерлері аяғы ауыр әйелді өлім аузынан алып қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Нұрлы жол" қызметкерлері аяғы ауыр әйелді өлім аузынан алып қалды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласындағы вокзал кешенінің қызметкерлері талмасы ұстаған әйелге алғашқы көмек көрсетіп, ажалдан құтқарып қалды деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

today.kz

Фото:today.kz

Оқиға қарашаның 16-ынан 17-іне қараған түні болған. Вокзал кезекшілері ес-түссіз жатқан әйел адамды тауып алыпты.

Келіншектің талып қалғанын анықтаған қызметкерлер вокзалдың медициналық қызметкерін және жедел жәрдем шақыртқан.

Олардың келгендерін күтпей кезекші қызметкерлер тыныс алуын қалпына келтіруге бағытталған алғашқы көмек көрсетеді.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем тобы вокзал қызметкерлерінің жедел, әрі сауатты әрекеттерінің арқасында жас келіншектің және оның болашақ нәрестесінің өмірін құтқарғандарын хабарлаған.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel