RU
"Подкаблук": Әйеліне шай құйған отандық блогер елге жақпай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Подкаблук": Әйеліне шай құйған отандық блогер елге жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Іnstagram жұлдызына айналған Ержан Рашев италиялық әйеліне шай құйып беремін деп көптің қызу талқысына түсті. Отандық блогердің қылығы желі оқырмандарына жақпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Ержан Рашев Instagram парақшасына жүктеген видеосы үшін жұрттың сынына ілікті. Бейнежазбада ол өзіне еркелеп отырған жарына шай құйып берген.

Отандық блогер өз кезегінде, оқырмандарына әрекетін түсіндіріп беруге тырысыпты.

"Қазір мені әйелінің сөзінен шыға алмайды деп сынға алатындарыңызды біліп тұрмын. Бірақ, өз сүйіктіңді шынымен жақсы көрсең, ол үшін бәрін жасауға дайынсың. Ал шай құйып бергенде тұрған ештене жоқ" , - деді Рашев.

Оқырмандар блогердің пікірімен келіспей, бұл туралы өз ойын жеткізген.

"Білгеніңді жасай бер. Өтірік ақталмашы", "Шай құя бер, тек аяғын сүймесең болды", "Сен шынымен подкаблук екенсің", "Енді тек бала туып беруің қалды, қалғаны қиын емес сияқты", "Менің ойымша, нағыз "подкаблучниктер" осылай жасайды"- деп жарыса жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
10
4
3
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel