RU
Шымкентте 20 жастағы атыраулық жігіт полицейді көлігімен қағып өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте 20 жастағы атыраулық жігіт полицейді көлігімен қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

20 қараша күні Шымкентте Тамерлан тас жолында "Тойота Камри" көлігі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі ер адамды қағып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ustinka.kz

Фото: ustinka.kz

Оқиғада зардап шеккен азаматтар ағайынды болып шыққан. Олардың бірі Еңбекші аудандық полиция бөлімінің инспекторы екені анықталды.

1984 жылғы тәртіп сақшысы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырған.

Екінші зардап шеккен ер адам әскери бөлім қызметкері екен. 32 жастағы азамат аса ауыр жағдайда аураханаға жеткізілген.

"Тойота Камри" жүргізушісі жедел түрде тұтқындалды. Ол 1998 жылғы Атырау облысының тұрғыны болып шықты.

"Тұтқындалған азамат "Жол ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкеп соқтырғаны" үшін айыпталуда. Ол сот бұйрығымен тергеу уақытысына қамауға алынды" , - деді тергеу сотының судьясы Сержан Тоқтасынов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel