RU
Алматыда басына мұз құлап, тіл тартпай кеткен әйелге қатысты жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда басына мұз құлап, тіл тартпай кеткен әйелге қатысты жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

20 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданында тоғызыншы қабаттан құлаған мұз 60 жастағы әйелдің өліміне себепкер болды. Марқұмның тұлғасы мен оқиғаның мән-жайын КТК телеарнасы анықтады.

Көрнекі фото: Komi.kp.ru

Көрнекі фото: Komi.kp.ru
Source: Instagram

Телеарна ақпараты бойынша Наталья Шамузованың жасы 60-та болған. Қайғылы оқиға болған күні ол элиталы "AdalResidence" тұрғын үй кешені маңындағы жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан екен. Ал ол жол көпқабатты үйге өте жақын орналасыпты.

Бір мезетте әйелге ойда-жоқта төбеде қатқан мұз құлап кеткен. Алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, коммуналдық қызмет шатырда жиналған қар мен мұздан тазарту жұмыстарын соңына дейін аяқтамаған. Алайда, бұл осындай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін деп ешкім ойламапты.

Оқиғаның куәгері Рүстем Төлемістің сөзінше, қатқан мұз баспалдаққа жетіп қалған әйелдің басына түскен.

"Мен жақындағанда оның басынан ештеңе қалмағанын көрдім. Коммуналдық қызмет қатқан мұздарды тазалаған, бірақ барлығын алмапты", - дейді алматылық азамат.

Қайғылы оқиға полицияда жазатайым оқиға ретінде тіркелген. Енді қызмет көрсететін ұйымдарға тексеру жүргізілетін болады.

Бостандық ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, "Верный выбор" ЖШС серіктестері өткен аптада қатқан мұздарды сындырып, қарларды тазалаған. Енді басқару органдары 72 мың теңгеден жоғары айыппұл төлемек.

Билік өкілдері көптеген жауын-шашын салдарынан шатырда қар қалдықтары болуы мүмкін екенін мойындады. Ал ауа температурасы жоғарылаған кезде ол еріп, құлауы да ықтимал.

Аудан әкімдігі марқұмның отбасына көмек беретіндерін айтты.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel