RU
63 жастағы шымкенттік шырақшы самбодан әлем чемпионы атанды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

63 жастағы шымкенттік шырақшы самбодан әлем чемпионы атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің 63 жастағы тұрғыны Құрмансейіт Зияев Мароккода өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында самбодан жеңімпаз атанды. "Қошқар ата" кесенесінің шырақшысы 100 келі салмақта бірінші орынды иеленіп, қарсыластарын шаң қаптырған деп хабарлайды "Замана" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Құрмансейіт Зияев. Фото:zamana.kz

Құрмансейіт Зияев. Фото:zamana.kz
Source: Instagram

Құрмансейіт Зияев - еркін күрестен және қазақша күрестен спорт шебері, самбодан халықаралық спорт шебері, еліміздегі ұйымдастырылған жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

Ал қария жеңімпаз атанған әлемдік біріншілікке 30 мемлекеттен спортшылар қатысқан. Қазақстанның өзінен аталмыш жарысқа 11 адам барған.

Зейнеткер спортты бала күнінен жанына серік еткенін айтады.

"Мен 14 жасымнан еркін күреске қатысқанмын. Онымен 20 жыл айналыстым. Қазақстан құрама командасында екі жыл болдым. Ал 28 жасымда самбоға ауыстым. Себебі еркін күрестен жарыс аз болады. Оның үстіне аға жаттықтырушы Марат Жақитовтың құрама командасында біраз болып, самбоны жақсы меңгердім. Құрама сапында жүргенде Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Петр Суриков және Сержан Абдукаримов деген кісілер маған тікелей жаттықтырушы болды", - дейді 63 жастағы шырақшы.
Құрмансейіт Зияев. Фото:zamana.kz

Құрмансейіт Зияев. Фото:zamana.kz
Source: Instagram

Құрмансейіт Зияевтің айтуынша, Қазақстаннан Мароккоға жарысқа барған 11 адамға ешқандай қаржылай қолдау көрсетілмеген. Оларға жолкіре мен жатын орынға, тамақтануға кететін барлық шығындарды мемлекет көтереді дегенмен шын мәнінде олай болмай шықққан.

"Қазіргі таңда елімізде күрес өте жақсы дамып жатыр. Соның ішінде дзюдо мен қазақша күрестің деңгейі жоғарылап келеді. Алдағы уақытта қазақша күресті олимпиадалық ойын түріне қосылады деген үмітіміз бар. Самбо да жақсы дамыған. Сәл ақсап тұрған бір тұсымыз – еркін күрес. Бұл – ұстамдылықты, шыдамдылықты, өжеттікті талап ететін өте қиын спорт түрі. Сондықтан да болар, бізде бұдан Олимпиада чемпионы жоқ", - дейді ол кісі.  

Айта кетейік, 63 жастағы шымкенттік қария енді Камерунда өтетін жарысқа баруға ниеттеніп отырғанын да мәлім етті.

Автор: М.Құрбанқызы

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel