RU
Шымкентте Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер жолында полицейді қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер жолында полицейді қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында 14 қараша күні болған жол апатының мән-жайы анықталды. Сол күні Темірлан шоссесінде Toyota Camry көлігі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан екі азаматты қағып кеткен деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Otyrar.kz

Фото: Otyrar.kz
Source: Facebook

Зардап шеккен азаматтардың екеуі ағайынды болып шыққан. Олардың бірі Еңбекші аудандық полиция бөлімінда қызмет еткен 1984 жылғы учаскелік инспектор. Марқұм оқиға орнында көз жұмған.

Ал екіншісі - 32 жастағы әскери бөлім қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

"Ұсталған азаматқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөліміне сәйкес айып тағылды",- деді Шымкенттегі тергеу сотының судьясы Сержан Тоқтасынов.

Toyota Camry автокөлігінің рөлінде Атырау облысының 1998 жылы тұрғыны болған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel