RU
Өскеменде бес ай бұрын жоғалған үш баланың анасынан әлі күнге дейін хабар жоқ (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде бес ай бұрын жоғалған үш баланың анасынан әлі күнге дейін хабар жоқ (фото)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде маусым айынан бері із-түзсіз кеткен 36 жастағы Татьяна Бабарыкина әлі күнге дейін табылмай жатыр. Келіншектің тірі екеніне сенген туыстары оның Риддер қаласында болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Фото: Әлеуметтік желіден
Source: Instagram

1982 жылы туған үш баланың анасы Татьяна Генадийқызы 29 маусым күні үйінен шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған. Соңғы рет келіншекті Защита ауданынан байқағандар бар екен.

Қалалық полиция басқармасы Татьяна Бабарыкинаны іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Жақында Yk-news.kz тілшісіне өзін Татьянаның туыстарының танысымын деп таныстырған Наталья есімді азаматша хабарласқан

"18 қараша күні Татьянаны тапты деген ақпарат келіп түсті. Ол Риддерде құлдықта болыпты, денсаулығы да нашар екен. Қазір Татьянаны үйге алып келе жатыр екен. Бұл ақпаратты мүлде бейтаныс адам жеткізген. Күйеуі мен балалары Татьянаны күткенімен, ол үйге оралған жоқ. Артынан ақпарат таратқан адамға хабарласып едік, ол қалжыңдағанын айтты. Алайда жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды ғой. Мұндай нәрсемен кім ойнайды. Балалар жылап, аналарын сағынып жүр", - деген Наталья.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel