Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Адамның өтірік айтқанын мұрны арқылы білуге болады

Опубликовано:

Гранада университетінің ғалымдары адамның өтірік айтып тұрғанын оның мұрын температурасы арқылы білуге болатынын анықтады. Бұл туралы eg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: gzt.com
Фото: gzt.com: Facebook

Мамандар жүргізген зерттеу жұмысы барысында қатысушылар өз жақындарын ұялы телефон арқылы алдауға тиіс болған.

Ал туыстарына қоңырау шалған адамдар денедегі жылудың таралауын бақылап тұратын арнайы құрылғы арқылы тексеріліп отырған.

Суретте пайда болған инфрақызыл түстер адам өтірік айтқан кезде мұрнының температурасы 1,2 градусқа төмендеп кеткенін көрсетіпті. Оған қоса, шындыққа жанаспайтын ақпаратты айтқандардың маңдайы бір жарым градусқа қызып кеткен.

Ғалымдардың айтуынша, температураның төмендеуіне адамның өтірік айтқаны бірден-бір себеп болған.

Мамандар өтірікті анықтаудың бұл әдісі детекторден 10 пайызға мықтырақ екеніне нық сенімді. Себебі олар жүргізген зерттеудің 80%-ы дәл түсіп, дұрыс нәтиже берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1764751-galymdar-adamny-tirik-ajtkanyn-mrny-arkyly-biluge-bolady/

pixel