RU
Бішкекте тұрғынның үйінен он көлік қоқыс шықты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Бішкекте тұрғынның үйінен он көлік қоқыс шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда Бішкек тұрғынының үйін тазалау үшін екі күн уақыт кеткен. Әлеуметтік көмектен бас тартқан әйелдің үйінен он көлік қоқыс шыққан деп жазады NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org
Source: Facebook

Бұл туралы Бішкек әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Анықталғандай, 18 қараша күні Боконбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үй тұрғыны көршісінің пәтерінде құбыр жарылып кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғын үйдің жылуын уақытша өшіруге мәжбүр болды.

Алайда, ақауды қалпына келтіру үшін көп күш салуды қажет еткен. Оған пәтердегі батареялардың қоқыспен көміліп қалуы себеп болды. Бұл пәтерде тұратын әйелдің әлеуметтік көмектен бас тартып келгені анықталды.

Көпқабатты үйдің тұрғындары көршісінің салақтығына 2015 жылдан бері арызданып келген. Алайда, келіншек үнемі үйін тазалауға бос уәде беріп құтылып кетіп тұрған.

Сіздің реакцияңыз
3
2
4
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel