Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде алты айдан бері жалақы алмаған мұнайшылар жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

Ақтөбедегі "АСКО ЭКСПО ЦЕНТР" мұнай компаниясының жұмысшылары бүгін облыс әкімдігінің алдына көмек сұрап барды. Шиеттей бала-шағасын асырай алмай, қарыздары бастарынан асқан мұнайшылар жыларман күйде. Компанияның жұмысшылар алдындағы берешегі 8 млн теңгеге жеткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Наурыз айынан бері жалақымды ала алмай жүрмін. Мекеменің бір ғана маған қарызы 277 мың теңге. Басшылық күнде ақша түсіретіндерін айтып, құр уәдемен алдап отыр. Бригадада барлығы 25 адам бар, ешқайсысы жалақы алған жоқ. Еңбек инспекциясына жазған арызымыздан да нәтиже жоқ. Сол себепті жұмыстан шығып кеттім", - дейді Руслан Қызылов.

"АСКОЭКСПОЦЕНТР" мекемесінің тағы бір қызметкері жалақы алмағаны үшін, отбасын асырай алмай арланып жүргенін айтты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Мен мекемеден 923 мың теңге жалақымды ала алмай отырмын. Маған қарап отырған бала-шағам бар. Оның үстіне қазір бәріміз несиеде отырмыз. Үйіме ұялмай кіргім келеді. Азамат басымызбен табыс әкеле алмағанымыз үшін арланамыз. Вахталық жұмыстан келгенде жалақымызды алсақ дейміз", - дейді Бисенбай Медетбаев.

Өңірдегі еңбек инспекциясының мамандары жұмысшыларына алты ай бойы жалақы бермеген мекемеде мұндай жағдайдың екі рет қайталанғанын айтып берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Жоспардан тыс тексеріс қорытындысы бойынша мекеме тарапынан жалақы төлеу заңбұзушылығын жою бойынша нұсқама берілді. Екі мәрте әкімшілік жазаға тартылды. Қазір тексеріс материалы ішкі істер департаментіне жіберілді", - дейді облыстық еңбек инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Ерекев.

"АСКО ЭКСПО ЦЕНТР компаниясы техникалық қызметтер көрсетумен айналысады. Инспекцияға мекеменің 15 жұмысшысынан арыз түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764767-aktbede-alty-ajdan-beri-zalaky-almagan-mnajsylar-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel