RU
"Нағыз еркек": Қайрат Нұртас Алматы мен Астанада жеке концертін өткізбек (фото)
Жаңалықтар Пресс-релизы

"Нағыз еркек": Қайрат Нұртас Алматы мен Астанада жеке концертін өткізбек (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал хитмен Қайрат Нұртас Астана мен Алматы қалаларында концертін өткізбек. Отбасындағы ер адамдардан ғана құралған ән кеші "Нағыз еркек" деген атаумен ұйымдастырылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: GAKKU

Қайрат Нұртас. Фото: GAKKU

Әншінің елордада жоспарланған кеші 2 желтоқсан күні "Орталық концерт залында" өтеді. Бұл кеш Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Ал әншінің Алматы қаласында 9 желтоқсан күні өтетін "Нағыз еркек" атты ән кеші Республика сарайында өтеді.

Айта кетейік, хитмен әнші қазіргі уақытта еліміздің өңірлерінде жеке кешін өткізуде.

Естеріңізде болса, биылғы жылы еліміздің бірнеше өңірінде отбасылық концертін берді.

Осы кеш арқылы әнші көпшілікке кенже інісі Заңғарды таныстырды.

Сондай-ақ аталмыш кеште әншінің екі ұлы мен екі қызы, жұбайы мен ата-анасы ән орындап, өнер көрсеткен болатын.

Ал биылғы жылы әнші жеке кешінде тек отбасындағы ер адамдардың өнерін көрсететінін мәлім етті.

Қайрат Нұртас Астана. Фото: NUR.KZ

Қайрат Нұртас Астана. Фото: NUR.KZ

Қайрат Нұртас Алматы. Фото: NUR.KZ

Қайрат Нұртас Алматы. Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel