RU

Гуанчжоуда 23 жастағы қазақстандық студент қыз қайтыс болды

Гуанчжоуда қазақстандық студент қыз қайтыс болды. Бойжеткеннің қазасын еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Cathay Pacific
Фото: Cathay Pacific: Facebook

Қаза тапқан бойжеткен 23 жаста болған. Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Қазіргі таңда, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі студент қыздың денесін елге алып келу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеумен айналысып жатыр.

Tengrinews.kz агенттігінің мәлімдеуінше, Қазақстан азаматшасының өлімі 20-шы қарашаның 21-не қараған түні орын алған. Белгісі оның есімі - Динара.

Ол Гуанчжоуда білім алып, жұмыс істеп жүрген.

Қазір бойжеткеннің достары оның туыстарына көмек ретінде арудың денесін елге алып келу үшін қаржы жинап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764775-guanczouda-23-zastagy-kazakstandyk-student-kyz-kajtys-boldy.html