RU
Елімізде алдағы ҰБТ төрт мәрте өткізілетін болады
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде алдағы ҰБТ төрт мәрте өткізілетін болады

Рассказать Вконтакте

Білім министрлігі түлектер міндетті түрде университетке түсу үшін жеңілдік жасамақшы. Яғни, келесі жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу төрт рет өткізіледі екен. Бірақ бұл тек ақылы бөлімде оқитындарға қатысты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Елімізде алдағы ҰБТ төрт мәрте өткізілетін болады

Көрнекі фото: camonitor.kz

"2019 жылдан бастап ақылы түрде оқу үшін мектеп бітірушілер төрт рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Яғни, олар қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тапсыра алады. Бұл тек ақылы. Ал грантқа конкурсқа түсем десе, тек қана маусым айында дәстүрлі ҰБТ-ның сертификатымен ғана грантқа түсе алады", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Қаңтарда, яғни, мектепті бітірмей тұрып тапсырған тестің сертификатымен жоғары оқу орындарына құжат тапсыруға болады екен. 

Сондай-ақ, жас түлек маусымда өтетін емтиханға да қатысып, мемлекеттік грантқа таласа алады. Ал ҰБТ-ға өтініш биыл 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады.

Алғашқы тест келесі жылы қаңтардың 15мен 20-сы өтеді деп жоспарланған. Түлекті төртеуінде де ата-анасы алып жүру керек. Бұл жолы ұстаздар оған араласпайды. 

Сонымен қатар, әр сынақ ақылы, үміткер 2 мың теңгеден астам ақша төлейді. Емтиханды үш тілде тапсыруға болады.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel