RU
Алматы маңындағы жол апаты: Қаза болған екі азамат әскери қызметкер болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы маңындағы жол апаты: Қаза болған екі азамат әскери қызметкер болып шықты

Рассказать Вконтакте

21 қараша күні Алматы маңындағы Іле тас жолында болған көлік апатынан қайтыс болған екі адамның әскери қызметкерлер екені белгілі болды. Олардың тағы бір әріптесі ауыр хәлде ауруханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: Facebook

Жол апаты таңғы уақытта Жетіген ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тас жолдың көктайғақ болуы себеп болса керек.

Салдырнан Chevrolet Aveo жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп ағашқа соғылған. Екі әскери қызметкер де оқиға орнында көз жұмған. Олар жұмысқа кетіп бара жатқан.

Жол апатынан тек қана бір адам тірі қалған. Ол марқұмдардың әріптесі болып шықты. Оны жедел жәрдеммен жедел түрде ауруханаға жеткізген. Әзріге зардап шеккен үшінші әскери қызметкердің жағдайы аса ауыр болғандықтан оны госпитальға көшіру мүмкін болмай тұр.

Іле ауруханасының бас дәрігер орынбасары Айдар Солтанғазиев науқастың коммада жатқанын айтады. Оның кеуде қуысы мен қол-аяқ сүйектері қатты зақымданған. Оған қоса, ер адам бас сүйек-ми зақымы мен ми жарақтын алған.

Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel