RU
"Дұға оқып шығады": Анасы Димаштың тіл-көзден қалай қорғанатынын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Дұға оқып шығады": Анасы Димаштың тіл-көзден қалай қорғанатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің анасы Лондонның төрінде өткен ұлының концертінен кейін Ақтөбеге ұшып келді. Светлана Айтбаева 46 елдің жанкүйерлері ерекше күтіп алған сапардан қандай әсермен оралғанын айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Светлана Айтбаеваның Лондоннан оралған сәті

Светлана Айтбаеваның Лондоннан оралған сәті
Source: Depositphotos

"Еуропа еліндегі Димаштың тұңғыш концертінен үлкен әсермен оралдық. Алғашында жоспарланғандай, концерттен түскен қаржы Қазақстандағы жас таланттарды қолдауға жұмсалады. Осыған дейін Димаштың концертінде шетелдік не қазақстандық әншілер шыққан емес. Димаш екі сағаттан асатын концерттерді өзі беретін. Бұл жолы бәрі басқаша өтті. Димаштың туған қаласынан мектеп оқушысы Лондонда ән салды",- дейді әншінің анасы Светлана Айтбаева.

Ақтөбедегі "Бақытты бала" байқауының гран при иегері Нарқыз Жанұзақова Ұлыбритания астанасында Димашпен бірге ән салған болатын.

Қазақ елін әлемге танытқан әншінің анасы шетелдік жанкүйерлер жасаған тосын сый туралы да айтып берді.

"Димаштың 46 елден келген жанкүйерлері Темза ( Тhames) өзенінің бойына фан кездесу ұйымдастырып, бізді қонақ ретінде шақырды. Жылы лебізге толы кеш өте әсерлі өтті. Димашпен бірге ән айтқан жерлесіне Темза өзенін көрсетті. Лондонда өткен концерт Ұлыбритания корольдігі және Қазақстан мәдениет министрлігінің қолдауымен өтті", - дейді Светлана Айтбаева.

Сонымен қатар, әлемді мойындатқан әншінің анасы ұлының тіл-көзден қалай қорғанатынын да айтып берді.

"Әрине, тіл-көзден сақтану керек. Димаш тұзды суға жуынады. Арасында әжесі түйреуіш қадап қояды. Өзінің тағатын тұмарлары бар. Сахнаға шығар алдында міндетті түрде сүрелер оқиды. Кез келген концерт не байқаудың алдында құраны мен сүресін оқып шығады", - дейді анасы.

Анасы туған жерін сағынып жүрген Димаштың алдағы күндері BBC телеарнасына сұқбат беретіндіктен сол жақта кідіретіндігін жеткізді. Жұмыс жоспары тығыз әншіні енді Мәскеуде өтетін концерт күтіп тұр.

Айта кетейік, 19 қараша күні Димаш Құдайбергеновтың Лондон төрінде дүркіретіп концерт өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
5
88
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel