RU

"Дүние жүзі аруына" қатысатын жапон қызы ұлттық киімімен таңғалдырды (фото)

"Дүние жүзі аруында" Жапонияның намысын қорғайтын Юуми Като есімді модель жұртты байқауға киіп шығатын ұлттық киім үлгісімен таңғалдырды. Бойжеткен әділқазылар алдына аниме кейіпкері ретінде шығуды ұйғарған деп жазады NUR.KZ.

Күллі әлем тамашалайтын сынға не киіп шығатынын Юуми өзінің Instagram парақшасында көрсеткен.

Байқау ережесі бойынша, әрбір қыз өз елінің ұлттық киімін көрсететін кезеңге танымал аниме кейіпкері Сейлор-Мун образында шықпақ.

Өз таңдауын 22 жастағы ару бұл кейіпкердің заманауи Жапония мен оның мәдениетін барынша айқындап тұратынымен түсіндірген.

Юуми Като модель және актриса болып жұмыс істейді. Бойжеткен төрт тілде сөйлей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764845-dnie-zzi-aruyna-katysatyn-zapon-kyzy-lttyk-kiimimen-tagaldyrdy-foto.html