RU
Арыстанмен суретке түскен мажор қыз полицейлердің назарын өзіне аударды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Арыстанмен суретке түскен мажор қыз полицейлердің назарын өзіне аударды

Рассказать Вконтакте

Ресей Ішкі істер департаментінің қызметкерлері автобөлшектер мен жиһаздар саудасымен айналысатын белгілі кәсіпкер Арарат Назаретянның 18 жастағы қызы Каринаның Instagram парақшасына қызығушылық тудырды. Суретте бойжеткен кішкентай арыстанмен полиция көліктерінің қасында тұрған деп хабарлайды Fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Карина-жас, ауқатты және әдемі. Ару өзінің ертегіге ұқсас өмірін алуан түрлі еткісі келеді.

Ал бұл жолы бойжеткен кішкентай арыстанмен және мықты автокөлікпен суретке түскісі келген екен.

Ал көліктің әсемдігіне 2019 нөмірі мен жол-патрульдык қызметтің алуан түстері үстемдік етіп тұр.

Бұл фотосессиядан кейін кәсіпкер әкесі қызы үшін ақшасын аямайтыны, бұл әрекет әкесінің қолдауымен жүзеге асқаны белгілі болды.

Енді Ресей Ішкі істер департменті бойжеткен 2019 нөмірі бар қызметтік Mercedes көлігі қайдан алғанын анықтауда.

Қазір мекеме суреттерді зерттеу үстінде.

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel