Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туды жерге тастай сала жүгірген қытайлық қыз алтыннан айырылып қалды

Опубликовано:

Қытайлық марафонның қатысушысы алтын медальдан айырылып қалды. Бұған жанкүйерлердің бірі берген ту себеп болған. Спортшы қыз тумен аздап жүгіргеннен кейін оны тастай сала жүгіруін жалғастырған деп хабарлайды life.ru.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Нәтижесінде Хи Ингли тек күміс жүлдені қанағат тұтқан. Себебі жолда туға бола кідірген бойжеткенді эфиопиялық қарсыласы қуып жеткен екен.

Желіде пайда болған видео көпшіліктің арасында қызу талқыға түсті. Бірі спортшы аруға кедергі жасаған жанкүйерді сынға алса, енді бірі елдің туын құрметтемеген аруды жерден алып жерге салған.

Алайда бойжеткен өзін сөккендерге айтары бар. Оның сөзінше, ту дымқыл болған және кездейсоқ қолынан сырғып кеткен, сондықтан бұл жағдайға түсіністікпен қарауын сұраған.

Айта кетейік, Хи Ингли бұл әрекеті үшін жазаға тартылмайды. Себебі көптеген телеарна мен жанкүйерлер оны қолдап шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1764852-tudy-zerge-tastaj-sala-zgirgen-kytajlyk-kyz-altynnan-ajyrylyp-kaldy/

pixel