RU
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр

Рассказать Вконтакте

Астанадан Ақтөбеге бет алған "Тұлпар-Тальго" жолаушысы екі жолсерікті өзін қорлады деп айыптап жатыр. Бойжеткеннің басынан өткен сұмдық оқиғаны Facebook парақшасында қоғам белсендісі Дина Смаилова баяндаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: 7kun.kz

Фото: 7kun.kz
Source: Twitter

Динаның сөзінше, "Не молчи" қорына көмек сұрап хабарласқан әйел өзін жолсеріктер зорлап кеткенін айтқан.

Сексуалды қорлық көрдім деп мәлімдеген әйел сол күні ғылыми конференциядан үйіне "Тальго" жедел пойызымен қайтқан екен.

Кеш қарая бастағанда ол мейрамхана-вагонға барған. Артынша өз купесіне оралған ол сыра ішіп отырған жолсерікті көріпті. Ашуға берілмеген жолаушы одан сыпайы түрде шығуын өтінген екен. Жолсерік кеткен соң шаршаған келіншек есікті жауып, ұйықтап қалыпты.

"Ол үстінде ер азамат жатқанын сезіп, оянып кетеді. Келіншек өзін зорламақ болып жатқан азаматтың есікті қосымша кілтпен ашып алған жолсерік екенін біледі. Алайда дем ала алмай, дауыс шығара алмай қалған әйел сол бойы қимылсыз қалады. Жолсерік өз ісін бітіріп, есікті жауып, кетіп қалады", - деген Дина Смаилова.

Қоғам белсендісі купеге артынша екінші жолсерік кіріп, зорлық көрсеткенін айтты. Оның сөзінше, бұдан кейін келіншек полицияға арыз түсірген. Қазір ол ауыр күйзелісте жүр.

Бұл іске қатысты "Жолаушылар тасымалы" Акционерлік қоғамы өкілдері де өз пікірін білдірді.

Ұйымның мәліметтері бойынша, қазір құқық қорғау органдары "Астана-Нұрлы жол – Ақтөбе" бағытындағы №97/98 пойыз жолаушысының арызынан кейін тергеу жүргізуде.

"Аталған жолсеріктер сол күні тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді", - деді АҚ өкілдері.
Сіздің реакцияңыз
7
9
5
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel