RU
Таразда Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды
Жаңалықтар Қоғам

Таразда Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды

Рассказать Вконтакте

Таразда Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында шыққан "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды. Бас қосқан облыстық ардагерлер кеңесі мен тарихшылар Елбасының жаңа бағдарламасына қатысты өз ойын білдіріп, оны талдап шықты деп жазады NUR.KZ.

Таразда Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды

Жиынды ашқан кеңес төрағасы Е.Солтыбаев президент мақаласына тоқтала кетіп, қатысушыларды еңбекте айтылған рухани құндылықтар мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізу маңыздылығы жөнінде ой өрбітуге шақырды.

Назарбаевтың мақаласына қатысты пікірін бірінші болып ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы айтты.

Таразда Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды

"Қазақ халқы өз тарихы мен ұлттық санасын жаңғыртып, ұлтымызға тән қасиеттер жайлы абыздар әңгімесі мен үлкендер өнегесінен іздеп өсті. Тарихқа келетін болсақ, бірден Абылайхан заманы, жоңғар шапқыншылығы, Ақтабан шұбырынды, ұжымдастыру, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы мен тәуелсіздік алған кез ойға түсетіні анық. Алайда, ұлттық тарихымыздың түп-тамыры одан арыда жатқанын ұмытпаған жөн. Ұлан-байтақ даламызда жауынгер сақтар мен жарты әлемді тізе бүктірген ғұндар да мекен етті. Оған қоса, әйгілі Әбунасыр әл-Фараби де біздің жерден шыққанымен мақтануымызға әбден болады.
Негізі адамзаттың басты арман-мақсаты – бақытты мемлекет қалыптастыру. Тіпті, әл-Фараби мен Ахмет Ясауй де өз еңбектерін де бұл ойды қозғаған.
Бүгінде, жастар қайдағы бір шетелдік Супермэн, Бэтмэн, Өрмекші адам сынды кейіпкерлерді үлгі санап жатқаны қынжылтады. Қай тарихымызды айтсақ та, халыққа бабаларымыз ұран болған. Елбасының жеткізгісі келгені де осы. Ол жас ұрпақтың барынша өз халқының батырлары мен тарихы туралы көп білгені маңызды екенін айтты" ,– деді ректор.

Таразда Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы талқыланды

Жазушы-драматург Елен Әлімжан өз кезегінде әлемдегі бәсекеге қабылетті отыз елдің қатарына қалай кіруге болатынын айтып өтті. Ол бұл тізімге ену үшін не істеу керектігін де түсіндірген.

"Президент өз мақаласында ұлттық тарихымыз жөнінде тереңірек тоқталып, оның күрмеулі тұстарын кеңінен тарқата айтты. Ол ұлы дала мен онда тұрған халықтың тарихын, басқарушыларын, салт-дәстүрі мен өмір сүру қалпын баяндап, Қазақ елінің ұлттық жетістіктерін паш етті.
Мақалада ұлы дала халқы Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен Абылай, Кенесары менАбай сынды тұлғаларды пір тұтаныны айтылған. Бұған орай, Елбасы тарихта ойып тұрып орын алатын адамдар құрметіне «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды ұсынады.
Президенттің мақалаласы әлемдік өркениетке ұмтылған Қазақ елінің беделінің арта түсуіне зор үлес қосары анық. Біз Ұлы дала перзенті екенімізбен әрдайым мақтанамыз!",- деп өз ойын айтты ақсақал Аманжол Дүрәліұлы.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel