RU
Ақ көйлек киген әжей мен гүл шоғын ұстаған атай желіде қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақ көйлек киген әжей мен гүл шоғын ұстаған атай желіде қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде гүл шоғын ұстаған атай мен ақ көйлек киген әжейдің үйлену тойының видеосы тарап кетті. "Қазақпыз ғой" Instagram парақшасында пайда болған зейнеткерлердің бақытты сәтін желідегілер қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан зейнеткерлерді көп адамның қоршап келе жатқанын көруге болады. Қарт кісінің артынан ерген бір топ адам қолдарына сары түсті шар ұстап, "Жас жұбайлар" жырын айтып келеді.

Видеоны көргендер бұл кісілердің алтын тойын өткізіп жатыр деп болжаған.

"Мүмкін алтын тойын өткізіп жатқан шығар", "Бізді де осы күнге жеткізсін", "Шарлар сары түсті. Алтын тойы ғой деймін", "Немере-шөберенің қызығын көріңіздер" деп ақ тілектерін арнады.

Желі қолданушыларының бірі бұл тойдың Астана қаласында өткенін айтты.

Ал енді біреулері қарт пен қарияның есімдері Жұмағұл мен Бибігүл екенін атап өткен.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel