RU
Бүркіт өзін сынға алатын адамдарды мүлде елемейтінін жасырмады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіт өзін сынға алатын адамдарды мүлде елемейтінін жасырмады

Рассказать Вконтакте

Бүркіт әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір білдірген оқырмандарымен қалай күресетінін мәлім етті. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші желідегілердің пікіріне назар аудармайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қаншама пікірлер жазып жатады. Біреу мақтап, біреу даттап жатады. Мазақтайтындар да бар. Бәріміз пендеміз ғой. Мен ондай нәрсеге түсіністікпен қарауға тырысамын.

Осы әлеуметтік желіде біреу-біреумен қырылып жатады. Әншілер мен актерлер теріс пікірлерге жауап беріп жатады.

Меніңше, олай жасаудың керегі жоқ. Кейде, сол айтқан адамдардың жазғанының да жаны бар шығар деп ойлаймын. Әлемде қанша адам бар, сонша пікір болады ғой", - деді Бүркіт.

Айта кетейік, Бүркіт осыдан сегіз жыл бұрын ұшақта шығарған шуы жайлы айтып берді.

Әншінің сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіт пен Аишаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel