RU
Тәтішевтің өлімі: Прокурор Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Тәтішевтің өлімі: Прокурор Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік айыптаушы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты айыпталып жатқан Мұхтар Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды сот залынан NUR.KZ тілшісі.

Фото: medium.com, ca-voice.info/ Коллаж: NUR.KZ

Фото: medium.com, ca-voice.info/ Коллаж: NUR.KZ
Source: Facebook

Бүгін Тараз қалалық сотында тараптардың жарыссөздері өтуде.

Онда прокурор іс материалдарын оқып, Мұхтар Әблязовтің бір топ адамның алдын ала сөз байласумен Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастырғанын, оның себебі Тұран Әлем банкін бөлу және бақылау үшін туындаған дау нәтижесіндегі Әблязовтің теріс көзқарасы себеп болғанын айтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

Сондай-ақ прокурор бұл істі жеңілдететін мән-жайлардың жоқ екенін, ал істі ауырлататыны Әблязовтің мемлекеттік заңға қайшы аса ауыр қылмыс жасауда көрсеткен белсенділігі екенін жеткізді.

"Адамның өмірі мен денсаулығына қастандық жасау аса ауыр қоғамдық қылмыс болып табылады. Баяндалған айыптаулар негізінде, Мұхтар Қабылұлы Әблязовты Қылмыстық Кодекстің 28 - бабының 3 -бөлімі, 96-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраймыз", - деп мәлімдеді прокурор.
Сіздің реакцияңыз
4
4
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel