RU
Қырғызстанда жаңа туған сәбиге әйгілі Макгрегордың атын қойған (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қырғызстанда жаңа туған сәбиге әйгілі Макгрегордың атын қойған (фото)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда жаңа туған нәрестеге UFC жұлдызы Макгрегордың есімі берілген. Бұл туралы Қырғыз елінің мемлекеттік тіркеу органы мәлімдеді деп жазады kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaktus.media, eurosport.ru Коллаж: NUR.KZ

Фото: kaktus.media, eurosport.ru Коллаж: NUR.KZ

Желіде Макгрегор Әлібеков деген нәрестенің құжаты тарап, ел арасында қызу талқыға түсуде. Көпшілік баласын ережесіз жекпе-жек жұлдызының атымен атағанына таңғалған.

Алайда, айта кетерлігі Макгрегор деген шын мәнісінде спортшының есімі емес, тегі.

Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу органы бұл жайтты растады. Олардың мәлімдеуінше, мұндай жағдай елде алғаш рет тіркеліп отыр.

Мекеме нәрестеге қатысты толығырақ ақпарат беруден бас тартты. Құжатқа сүйенсек, балақай Ресейде дүниеге келген.

Сіздің реакцияңыз
5
6
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel