RU
Ақтөбеде алты айдан бері жалақы алмаған мұнайшылардың мәселесі майшаммен қаралмақ
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде алты айдан бері жалақы алмаған мұнайшылардың мәселесі майшаммен қаралмақ

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов алты айдан бері жұмысшыларына жалақы төлемей отырған мекеме мәселесін қолға алды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жұмысшылар Қайрат Бекеновтің қабылдауында

Жұмысшылар Қайрат Бекеновтің қабылдауында
Source: Depositphotos

"Аска Экспо Орталығы" басшылары бірнеше рет қызметкерлеріне тиесілі еңбекақыларын төлемей сенделткен.

"Біз осы мәселені шешу жолдарын талқылауымыз керек. Мен мекеме басшылығымен сөйлестім. Бұл 2017 жылдың соңынан бастап мұнай компанияларындағы ұңғымаларды жөндеу бойынша сервистік қызмет көрсететін, өз ісін енді бастап келе жатқан кәсіпкер. Фирманың жаңадан құрылғанын және кәсіби басқарудың жоқтығын атап өткім келеді. Бірқатар себептерге байланысты компания тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелерді орындай алмады, тағы да бірнеше мәселелер бар.
"Аска Экспо Орталығының" қызметіне барынша қолдау көрсетуіміз керек. Біз фирмаға еңбекақы бойынша қарыздарын төлеуге көмектесу үшін қолдағы барлық резервтерді пайдаланамыз", - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Шенеуніктің айтуынша, мекеме мәселесі облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Еске сала кетейік, күні кеше алты айдан бері жалақы алмағанын айтқан мұнайшылар облыс әкімдігінің алдына көмек сұрап барған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel