RU
Бүркіт жаңа фильмін түсіру үшін 150 мың АҚШ долларын жұмсаған (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіт жаңа фильмін түсіру үшін 150 мың АҚШ долларын жұмсаған (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзін продюсерлікпен қоса режиссерлік қырынан да танытып жүрген Бүркіт жақында жарыққа шығатын фильміне 150 мың АҚШ долларын жұмасағанын ашып айтты. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші өзінің кино әлеміндегі жетістіктері жайлы мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Былтырғы жылы бірінші туындысы сәтсіздікке ұшыраған Бүркіттің жаңа комедиясы 29 қараша күні "Загадай желание" атауымен жарыққа шығады.

"Фильмнің бір бөлігі Дубайда түсірілді. Бұл өзі романтикалық экшн жанрында түсірілді. Бірақ фильмді көрерменнің қалай қабылдайтынын білмеймін.

Көпшілік қалай баға береді, оған деген көзқарас солай қалыптасады. Фильмнің бюджетіне 150 мың АҚШ доллары жұмсалды.

Бірақ бұл былтырғы "Логова" киносына құртқан қаражатымнан әлдеқайда аз. Ол фильм тіпті қаражаттың жартысын да ақтамаған", - деді әнші.

Айта кетейік, Бүркіт осыған дейін ұшақ ішінде стюардесса қызымен сөзге келіспей қалғанын айтып берген болатын.

Әнші өзінің "жұлдыз" ауруына шалдыққан сәті мен көпшіліктің өзі жайлы теріс ойлайтынын да жасырмады.

Сондай-ақ, ол өзіне теріс пікірлерді қарша борататын желі қолданушыларына қандай шара қолданатынын мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Бүркіттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel