RU
Бозымбаев: Менің бір орынбасарымнан басқалары орнында отыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бозымбаев: Менің бір орынбасарымнан басқалары орнында отыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев тілшілерге өзінің қанша орынбасары бар екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: beta.abctv.kz

Фото: beta.abctv.kz
Source: Facebook

Қазір Энергетика министрінің үш орынбасарын сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен тергеуде.

"Менің бір орынбасарымнан басқалары орындарында отыр", - деді Бозымбаев тілшілерге.

Ал журналистер министрден қазіргі вице-министрлердің атын атауды сұрағанда, ол барлығына мекеме сайтына кіруді ұсынды.

"Штатты кесте алыңыздар. Сайтқа кірсеңіздер, көресіздер", -деді ол.

Сондай-ақ, Бозымбаев орынбасарларына тағылған айып пен тергеу жұмыстарына қатысты тергеушілер байланысқа шықты ма деген сұраққа жауап берді.

"Шкарупаға байланысты-жоқ. Ал қалғандары туралы түсініктеме бере алмаймын. Себебі, ол істер әлі сотқа жеткен жоқ", -деді министр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel