Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты үнді актері жерлестерінің қарызын жауып берді

Опубликовано:

Әлемге танымал үнді актері Амитабх Баччан қарызға батқан жерлестеріне көмектесу үшін 560 мың долларын жұмсаған. Ол 1398 шаруаның қарызын өз қалтасынан төлеп берген деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: indi-film.ru
Фото: indi-film.ru: Facebook

Жерлестерінің ұлттық банк алдындағы қарызын толықтай төлеп берген Амитабх енді оларға құжаттарын табыстау үшін кездесу ұйымдастырмақ.

Актер қол ұшын созған шаруалардың барлығы 76 жастағы Амитабх Баччан туып өскен Уттар Прадеш шататында тұрады.

Танымал актер шаруа қожалықтар иелеріне өңірде орын алған дағдарысқа байланысты көмектесе бастаған. Жергілікті тұрғындар бүгінде ауыл шаруашылығындағы бағалардың күрт өсуіне наразылықтарын білдіруде.

Айта кетейік, Үндістанда он мыңнан астам шаруа қаржы тұрғысынан аса ауыр жағдайға тап болды. Бұл елдегі ауыл шаруышылық өндірісі су тапшылығы мен жаңғыру деңгейінің төмендеуі есебінен соңғы кездері нашар көрсеткіштерге ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764927-atakty-ndi-akteri-zerlesterini-karyzyn-zauyp-berdi/

pixel