RU
Мұхитованың екі жылға сотталуы әкесінің мансабына әсер етті ме?
Жаңалықтар Қоғам

Мұхитованың екі жылға сотталуы әкесінің мансабына әсер етті ме?

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының қызы Малика Мұхитованың қатысуымен болған қанды жол апаты неліктен әкесінің мансабына әсер етпегенін айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz- ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ/ Altyn-orda.kz

Фото: NUR.KZ/ Altyn-orda.kz
Source: Twitter

Мекеме ақпараты бойынша, егер олардың туыстары өздерінің қызмет ету кезеңінде қылмыстық жазаға тартылған жағдайда, қолданыстағы заңнамалық актілерде бастықтар мен қатардағы полицейлерді жұмыстан шығару көзделмеген.

Бұған дейін бұл туралы өз пікірін ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов берген еді.

Министрдің айтуынша, Қызылорда облысының жоғары лауазымды полицейі Қайрат Мұхитовқа Конституция бойынша қандай да бір талап қойылмайды. Оның үстіне, оның қызы 29 жаста және ол өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатын ересек адам болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның белгілі жазушысы Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қайтыс болған апат Астанада 2018 жылы маусымда орын алған болатын. Мотоциклші Қызылорда облыстық полиция бастығының қызы Малика Мұхитова басқарған жеңіл көлікпен соқтығысқан еді.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жас жігіт қаза тапқан. Ал 13 қарашада осы қайғылы оқиғаға байланысты қызға үкім шығарылды. Бойжеткен екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel