RU
Талдықорғандық шенділер алтын алқалы аналарды некесіз бала туды деп айыптады
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғандық шенділер алтын алқалы аналарды некесіз бала туды деп айыптады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында алтын алқадан бас тартқан аналарға қатысты дау ушыға түсті. Марапаттың орнына баспана алуды қалайтын әйелдерді әкіммен кездесуге шақырған қоғамдық ұйым басшылары күтпеген жерден олардың өздерін жерден алып жерге салды деп хабарлайды КТК арнасы.

Талдықорғандық шенділер алтын алқалы аналарды некесіз бала туды деп айыптады

Скриншот: КТК арнасы

Шараны ұйымдастырушылар кейбір әйелдердің некесіз бала туғанын бетіне басқан. Ең сорақысы, көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскендерге тоқтау салатын жан табылмапты.

Керісінше, басшылар алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті.

Көз жастарына ерік берген көпбалалы аналардың 15 жылдан бері үй кезегі жылжымаған. Амалы таусылған әйелдердің бәрі бірауыздан алтын алқадан бас тартып, әкімге қайтарыпты.

Қала басшысымен кездесуге үйден үмітті жандардың бірі қалмай келген. Алайда жұрт жақсылық күткен жиынның соңы қып-қызыл жанжалға ұласты.

Шенділер бастаған қоғамдық ұйым басшылары әйелдердің адалдығына күмән келтіріп, некесіз бала туғандарын бетке басқан.      

Көптің көзінше көпбалалы аналардың жеке басына тиіскенде Талдықорған әкімі  «тәйт» деген жоқ. Керісінше, алтын алқа иегерлеріне арналған мемлекеттік бағдарлама жоқ деп шорт кесті.

"Алтын алқаларын тапсырған аналарға үй салу жайында қарап көреміз. Ал бүгінгі күні менің сіздерге беретін 150 шаршы метрлік үйім жоқ", - деді әкім Дастан Шалтабаев.

Айта ктерелігі, көпбалалы отбасыларға үй табылмаған Талдықорғанда баспана бағдарламасы жүзеге асып жатыр екен. Бірақ тек әкімнің қарамағындағыларға ғана берілген көрінеді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
19
0
3
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel