RU

Тікелей эфирде отырған түрік жүргізушісінің жүрегі ұстап қалды (видео)

Түркияның Эскишехир қаласында тікелей эфирде хабар жүргізіп отырған комментатор Шукру Ойтанның кенеттен жүрегі ұстап қалды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ойтан ұлттық чемпионат матчтар туралы баяндап отырған сәтте кенеттен үнсіз қалыпты.

Әуелі ол столға бетін соғып, артынша еденге құлап түскен. Не болғанын түсінбей қалған әріптестері Ойтанға жедел жәрдем шақырып үлгеріпті.

Журналист дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы қалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764978-tikelej-efirde-otyrgan-trik-zrgizusisini-zregi-stap-kaldy-video.html