RU
81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурда демалып жүр (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурда демалып жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылы 81 жасқа келген Асанәлі Әшімов әйелімен бірге Сингапурде демалып жүр. Әйгілі актердің отбасылық демалысы жайлы Бағдат Әшімова Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Асанәлі Әшімов. Фото: Азамат Сатыбалдының жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Асанәлі Әшімов. Фото: Азамат Сатыбалдының жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

"Сингапур қаласындамыз. Асекеңнің көңіл-күйінің жақсы болғаны мені қанаттандырады. "Әйел бақыты - ер азаматының тұсында" деп ата - бабаларымыз тауып айтқан ғой. Алла әрбір таңымызды көруге жазсын", - деп жазды актердің жұбайы.

Сондай-ақ, халық әртісінің отбасылық демалыста жүргенін актер Азамат Сатыбалды да Instagram парақшасында жазды.

"Асанәлі аға отбасымен Сингапурде жүр. Жақсылап демалып және ем алып елге оралыңыздар. Бар жақсылықты тіледім.

Асаналі аға менің өнердегі әкем ғой. Бағдат женге, Асаналі ағаны осылай еркелетіп, бабын келтіріп, бағлан басын биікте ұстап жүргеніңіз үшін сізге Алла разы болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, кино және театр актері Асанәлі Әшімов 1937 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бүгінде екінші рет шаңырақ көтерген актердің өзімен аттас (ред: Асанәлі) ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз
7
8
1
1
0
18
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel