RU
19 жезөкшені зорлап, денелерін бөлшектеген милиционер жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

19 жезөкшені зорлап, денелерін бөлшектеген милиционер жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Новосибирск облыстық соты бұрынғы милиционер Евгений Чуплинскийді 19 әйелді өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасына кесті деп хабарлайды Centralasian.org.

ввввв

Евгений Чуплинский. Фото: centralasian.org
Source: Facebook

Тергеу кезінде Чуплинскийдің 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағаны анықталған.

Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасапты.

Тергеу мәліметі бойынша, ол жезөкшелерді зорлап, артынша оларды өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта жасаған қылмыстарын мойындаған ол әйелдерді қалай және қай жерлерде өлтіргенін баяндап берген. Чуплинский психологиялық сараптамадан да өтіпті. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының әйелі мен балалары бұл қаладан көшіп кетуге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз
1
8
1
4
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel