RU
Күйеуі толықтығы үшін тастап кеткен атыраулық әйел мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі толықтығы үшін тастап кеткен атыраулық әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Атыраулық келіншек өзінің артық салмағының кесірінен отбасының ойраны шыққанын айтып берді. Оның сөздерінше, құдай қосқан күйеуі "толықсың" дегенді сылтауратып өзге әйелге кетіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Күйеуі толықтығы үшін тастап кеткен атыраулық әйел мұңын шақты

Көрнекі фото: www.goodhouse.ru

Атыраулық Айша есімді келіншек (аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді - ред) осыдан үш жыл бұрын тұрмыс құрыпты. Алғашында тәп-тәуір тұрған отбасында кейіннен кикілжіңдер туа бастаған.

Әйел адам жанұядағы жанжалдардың бәрі артық салмақтың кесірінен болды дейді.

"Атыраудың қарапайым отбасының қызымын. Шыны керек, бүкіл елге өзімнің артық салмағым жайлы айтып, ұятқа қалудың өзі маған оңайға соғып отырған жоқ. Бірақ мен сияқты қаншама қыздар бар шығар.

Қысқасы, осыдан үш жыл бұрын өзіммен жасты ер адамға тұрмысқа шықтым. Ол кезде дәл қазіргідей толық емес едім. Салмағым шамамен 75 келідей болған шығар.

Отбасында менен басқа тағы екі қыз бар, олардың да толықтыққа икемі бар. Анам марқұм сондай болған, үшеуміз де сол кісіге ұқсап тұрмыз.

Алғашқы жарты жыл бәрі ойдағыдай болды. Сосын неге екенін білмеймін, қатты салмақ қоса бастадым. Бала да көтере алмадым.

Жолдасым бала болмады деп, оған қоса толықтығымды бетке басуды шығарды. Содан не керек, сөйтіп жүргенде әлдекімді тапқан. Үйге кеш келуді, түнде қонбауды шығарды.

Мен оның басқа біреуі бар екенін сезсем де, басында оны мойындағым келмеді. Бірақ бір күні батылым жетіп бар жағдайды айтуын өтіндім.

Сонда маған айтқаны "Осындай толық әйелге қалай үйленгенмін? Неге бір мезгіл өзіңе қарамайсың? Сенімен көшеде жүруге ұяламын, ажырасайық" деді.

Әйел адамға әлгіндей сөз ауыр тиеді ғой, қатты қиналдым. Басында "артық салмағымнан арыламын, өзгеремін, тек отбасымызды сақтап қалайық" деп көрдім.

Бірақ, өкінішке орай мұнымнан да түк шықпады. Салмаққа салмақ қосылып, ол сол күйі үйден кетіп тынды", - деді келіншек.

Бүгінде ол Астанаға сіңлісімен бірге көшіп келіп жекеменшік балабақшалардың біріне тәрбиеші болып жұмысқа тұрған екен.

"Кететін адам кетті, қайтемін енді? Өмірді қайта бастауға тура келді. Жасым 28-де, колледж бітіргенмін. Өзіммен бірге сіңлімді алып, осында жұмыс іздеп келдік. Кенжеміз ауылда әкемізбен бірге қалды, биыл мектеп бітіріп, ол да осында оқуға тапсырып көреді.

Салмағым қазір 70 келі тартады. Қайта бұл арықтаған түрім, екі-үш жыл бұрын бұдан қатты толып кеткен едім.

Сол бұрынғы күйеуімнің әлгіндей әрекеті маған үлкен сабақ болды. Майлы, қою тамақтардан бас тартып, өз-өзіме көп көңіл бөле бастадым.

Атырауда ауылда жүгіріп, күнде ертемен жаттығу да жасайтынмын. Ал қалада мүмкіндік көп, фитнеске барып, біраз салмақ тастауға болады.

Бұл оқиғаммен бөлісіп отырған себебім де сол, мен сияқты толық қыздар – өз-өздеріңізге қарап, артық салмақтан арылуға тырысыңыздар. Менің қателігімді жасамасаңыздар екен деймін.

Өкініштісі, мен бәрін кеш түсіндім. Жаттығу жасаңыздар, диета сақтаңыздар, бірақ жігіттеріңіз бен күйеулеріңіздің алдында әдемі болуға тырысыңыздар.

Әлі де тағдырыма сенемін, мен қандаймын, сондай етіп қабылдайтын адам кезігетін шығар, бәрі Алланың қолында", - деп сөзін аяқтады келіншек.
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
5
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel