RU
Алматыдағы БАҚ ғимаратына "бомба қойған" адамның кім екені анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы БАҚ ғимаратына "бомба қойған" адамның кім екені анықталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда "Жарылғыш зат бар" деген ақпараттан соң БАҚ өкілдері отыратын ғимараттан адамдар эвакуацияланған еді. Оқиға орнына келіп жеткен құтқару қызметі аталмыш орыннан ешқандай жарылғыш зат таппаған. Алматы полиция департаменті жалған ақпарат таратқан адамның кім екенін анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: zakon.kz, Коллаж: NUR.KZ

Фото: zakon.kz, Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз адам 12:45-те хабарласқан. Осыдан соң оқиға орнына жеткен құтқарушылар 600 адамды эвакуациялады.

Ал сағат 13:35-те тексеру жұмыстары аяқталды.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жалған ақпарат таратқан адамның кім екені анықталғанын айтты.

"Ол ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ол адамның бұрын сотты болғаны анықталды", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.

Айта кетейік, бүгін 22 қараша күні Алматыдағы БАҚ өкілдері жиналған ғимаратқа жарылғыш зат қойылғандығы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel