RU
Ауыл - бай: "Алашұлы" тобының су жаңа клипі желіні жарды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ауыл - бай: "Алашұлы" тобының су жаңа клипі желіні жарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайталанбас ерекше стилімен және рухты әндерімен танылған "Алашұлы" су жаңа бейнебаяндарын халыққа ұсынды. Отандық топтың "Ауыл-бай" деп аталатын әні желіде таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауыл қаланы асырап отыр: "Алашұлының" жаңа клипі елді таңғалдырды

"Алашұлы" тобы
Source: Instagram

"Сен, сөзіме сен, тәрбие ауылда, Көңілі таза жандар да ауылда, Еліміздің жеріміздің шырағы - ауылда", - деп әндеткен жігіттер күні кеше жаңа туындыларының тұсауын кесті.

"Ауыл-бай" деп аталатын әннің бейнебаяны да айрықша сарында түсірілген.

Ауылдың тек жарқын жақтарын көрсетуді қалаған "Алашұлы" өз мақсаттарына жеткен секілді. Себебі, көпшілік бұл клиптің осыған дейін шыққан ауыл туралы бейнебаяндарға мүлде ұқсамайтынын жарыса жазуда.

Айта кетерлігі, аталмыш клипте ірі денелі қазақтың жігіттерімен бірге "Найман" лақап атымен танылған Қуат Хамитов та бой көрсетеді.

Сондай-ақ, танымал каскадер Бауыржан Абишевті де көруге болады.

Естеріңізде болса, бұған дейін "Алашұлы" тобының ауылдан қалаға келген жандарды "ауылбай" деп келеке қылатындарды орнына қойғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, "Алашұлының" әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel