RU
Назарбаев ресейлік телеарналарға маңызды сұхбат берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев ресейлік телеарналарға маңызды сұхбат берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радио хабарларын тарату компаниясының телеарналарына сұхбат берді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев

Фото: Ақорда
Source: UGC

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Сұхбат барысында Қазақстан президенті «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында «Россия-1» және «Россия-24» телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel