Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді

Опубликовано:

Әлемнің 2,5 миллиардтан астам тұрғыны таза дәретханаға қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан, миллиондаған адамдар жыл сайын көптеген бактериялар мен аурулардың кесірінен көз жұмады, олардың қатарында жас жеткіншектер мен сәбилер де бар. Осындай жантүршігерлік статистика жыл сайын 19 қараша күні атап өтілетін Дүниежүзілік дәретхана күніне арналған баспасөз конференциясында келтірілді.

Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді: Instagram

Қазақстандық балаларды кішкентай кезінен бастап дәретхананы қолдануға тазалықты сақтауға үйретеді. Бұл мәселемен тек ата-аналар ғана айналыспайды. «Unilever» компаниясы Domestos сауда маркасымен еліміздің мектептерінде дәретханадағы тазалықты сақтау және қамтамасыз ету тақырыбында науқандар өткізді.

«Domestos мектеп бағдарламасы» үш жыл бұрын бастау алған болатын. Тек осы жылдың ішінде біздің іс- шара 1000 мектепті қамтыды, ал ол мемлекетіміздің барлық мектептерінің шамамен тең жартысы. Ол мектептерде барлығы 1,3 миллион бала оқиды. Мектеп гигиенасы тақырыбы өте маңызды, өйткені егер онда қолайлы жағдай жасалмаса, балалар дәретханаға баруға қысылып, шыдап жүруге мәжбүр болады. Ал нәтижесінде баланың денсаулығы мен психикасына зақым келуі ықтимал. Осы мәселені балалармен талқылау мақсатында біз балалармен 500 сабақ өткіздік.

«Осы жылы тренингтердің ауқымын үлкейту мақсатында қызмет көрсету мамандарына арналған сабақтарды қарастырдық. Барлығы тренингке 500 маман қатысты», - деп мәлімдеді Unilever компаниясының өкілі Мерве Етик.
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді: Facebook

Айта кетсек, Domestos ұсынған мектептерге арналған тазалық бағдарламасы тек қана Қазақстанда емес, әлемнің әр түрлі елдерінде, сонымен қатар Түркия елінде де жүргізілуде.

Компанияның тағы бір өкілі, Екатерина Дмитриеваның айтуынша, Unilever компаниясы өз алдына қойған жаһандық мақсаты – 2020 жылға қарсы 25 миллион адамға таза дәретханаға қол жеткізуге септігін тигізу.

Сонымен қатар, Domestos алматылық №35 гимназияның дәретханасын қайта жаңартуға көмектескен. Осы аталған №35 мектеп-гимназиясының директорының орынбасары мектептің ғимараты, дәретханасы, тұтас 1936 жылы салынғанын мәлімдеді.

Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді: Getty Images
«Бұл көрсеткен қолдауларыңыз бізге өте ұнады, және біз үшін оның орны ерекше. Компания дәретханаға жаңа кабинкалар орналастырып және барлық қосымша құрылғыларын жаңартып берді. Балалар сыйлықты ұқыпты қолдануда. Алғашқы білім күні Domestos компаниясы балаларға биік қуыршақтардың қойылымын сыйға тартты», - деп директордың орынбасары Стефания Кучербаева ағынан жарылды.

Алматы қаласының кейбір мектептерінде дәретхана сыртта орналасқан, спикерлердің айтуы бойынша, оқушылар дәрет сындыру үшін далаға шығуға мәжбүр.

Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді: UGC

Domestos компаниясы «Аутизм победим» орталығына да қол ұшын берді. Орталық меңгерушісі Аружан Саин тұрмыстық химия заттарына бюджеттің біршама бөлігі жұмсалатынын және осы жоба бойынша жасалған сыйлықтың орталық үшін орны ерекше екенін атап өтті.

Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді
Алматылық мектепке 80 жыл бұрын салынған ескі дәретхананың орнына жаңасы сыйға берілді: UGC

Бізде балалар саны көп, біз оларға санитарлық жағынан жәрдемдесеміз. Біз сыйлық үшін алғысымызды айтамыз, жобаларыңыз ұлғая берсін. Біздің елімізде дәретханасы сыртта орналасқан, жағдайы нашар мектептер баршылық, оның барлығы баланың санасына әсер етпей қоймайды. Барлық мектептер мемлекеттік стандарт бойынша жабдықталса керемет болар еді.Ерекше балалар үшін дәретхана – ерекше қажет. Біздің орталығымызда ондаған бала ем алады, ол 40-100 отбасы деуге болады. Біздің орталыққа Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Белорус сынды көршілес мемлекеттерден де келеді»- деп мәлімдеді Аружан.

Unilever компаниясы Бүкіләлемдік дәретхана күнін өзгеше атап өтті. Ол күні 5 қабатты ғимараттың барлық дәретханалары жабылып, тек біреуі ашық қалдырылды. Оған кіру тек арнайы құпия таңба арқылы рұқсат етілді.

«Біз адамдарға дәрет сындырудың қолжетімді болуының қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келді. Бұл әрекет әр түрлі әсер тудырды – кейбіреулері ашуланып жатса, кейбірі сабырға келіп жатты. Күніміздің екінші жартысын №23 мектепте атап өттік.Ондағы компания мақсаты оқушыларға тазалықты сақтаудың маңыздылығы мен мәнін түсіндіріп, өзіне және қоршаған ортаға күтім жасау сабақтары ұйымдастыру», - деп мәлімдеді Лаура Ибраим.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765018-almatylyk-mektepke-80-zyl-bryn-salyngan-eski-drethanany-ornyna-zaasy-syjga-berildi/

pixel