RU

Маңғыстау облысының әкімі орынбасарының тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Маңғыстау облысының басшысы Ералы Тұғжанов өзінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиевтің тұтқындалуына қатысты алғаш рет пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mangystaumedia.kz Коллаж: NUR.KZ
Фото: mangystaumedia.kz Коллаж: NUR.KZ: Getty Images

Өңір басшысы Аманғалиевтің өз ісін тиянақты орындайтын қызметкер болғанын айтты. Ералы Тұғжановтың оның жұмысына қатысты айтар міні жоқ екенін алға тартып, орынбасары тап болған оқиғамен құқық қорғау органдары айналысатын жеткізді.

"Ол жұмыс уақытынан тыс кезде болған жағдай" , - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Аманғалиевтің қамауға алынғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Оған қоса, желіде оның тұтқындалу сәтінен видео тараған. БАҚ өкілдері шенеуікке параны словакиялық хоккейші бергенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765032-magystau-oblysyny-kimi-orynbasaryny-ttkyndaluyna-katysty-pikir-bildirdi.html