RU
Самара-Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Самара-Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

22 қараша күні кешкісін Самара-Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды. Арал қаласына жақын маңда жол апатына ұшыраған автобуста 37 адам болған деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:narodna-pravda.ua

Фото:narodna-pravda.ua
Source: Instagram

Шымкент-Новосибирск бағытындағы автобус шамамаен 20:20-да аударылған.

Көлік ішінде Өзбекстан азаматтары болыпты.

Оқиға орнына келіп жеткен аудандық және төтенше жағдайлар қызметкерлері апатқа ұшырағандарға алғашқы көмек көрсеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, қазір екі адам Арал аудандық ауруханасына жеткізілген.

Сондай-ақ, қаза тапқандар да бар.

Әкімшілік қызметкерлері 17 адамды қонақ үйге орналастырған. Ал қалған жолаушылар өз еріктерімен Новосибирскіге аттанған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel