RU
Қызылорданың шетіндегі аудандардың келбеті қандай? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылорданың шетіндегі аудандардың келбеті қандай? (фото)

Рассказать Вконтакте

Биыл Қызылорда өзінің 200 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Салтанатты шара аясында қалада бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді. Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің сырты әктеліп, әрленді. Кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңда үлкен гала-концерт ұйымдастырылды. Алайда қаланың екі ғасырлық мерекесі шет аймақ тұрғындарына сезіле қоймаған секілді.

Қызылорда

Фотоколлаж: NUR.KZ

Сонымен, Қызылорданың көпшілік біле білмейтін «жасырын» келбеті қандай?

NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі билік назарынан тыс қалып қойған шет аймақтарды аралап, ондағы тұрғындармен тілдескен болатын.

Қызылорда

Гагарин қыстағы. Фото: NUR.KZ

Гагарин қыстағы облыс орталығынан қашық орналаса қоймаған. Дегенмен мұндағы адамдар өздерін ауыл тұрғындары ретінде сезетінін айтады.

Қызылорда

Гагарин қыстағы. Фото: NUR.KZ

Әбден қабырғасы мүжіліп, шатыры тозған баспаналарына айтар шағымдары өте көп. Қала әкімдігіне бірнеше мәрте наразылықтарын да жеткізген екен. Бірақ нақты нәтиже әлі жоқ.

Қызылорда

Гагарин қыстағы. Фото: NUR.KZ

Мұндағы тұрғындары жаздың күні сасық көлшіктерден жапа шегіп келеді.

Қызылорда

Гагарин қыстағы. Фото: NUR.KZ

«Қызылжарма» ауылы тұрғындарының да жағдайы осыларға ұқсас.

Қызылорда

Қызылжарма ауылы. Фото: NUR.KZ

Мұндағы көпқабатты үйдің тұрғындары қыстың күні пәтерлеріне от жағады. Ол аздай, ауладағы дәретхананы пайдалануға мәжбүр.

Қызылорда

Қызылжарма ауылы. Фото: NUR.KZ

Баспаналарының да жағдайы мәз емес. Осы ауылдағы бес қабатты жатақхананың жоғары бөлігінің опырылып түскен кездері де болған.

Қызылорда

Қызылжарма ауылы. Фото: NUR.KZ

Су далада күндіз-түні сарылдап ағып тұр. Ал арықтың іші толған қоқыс. Еш қараусыз ағып жатқан суды мұндағы тұрғындар амалсыз пайдаланады.

Қызылорда

Қызылжарма ауылы. Фото: NUR.KZ

«Үйіміз өте ескі. Бірнеше рет қабырғалары құлады. Сол кезде төтеншеліктер мен әкімдік қызметкерлері келеді. Бірақ ешқандай өзгеріс болып жатқан жоқ. Мұндағы тұрғындардың көпшілігі пәтер жалдап тұратындар. Арзан болған соң осында келеді», - дейді жатақхана тұрғындарының бірі.
Қызылорда

Қызылжарма ауылы. Фото: NUR.KZ

Шанхай мөлтек ауданында да ескі үйлер өте көп.

Қызылорда

Шанхай мөлтек ауданы. Фото: NUR.KZ

Бірақ оларға «апаттық» деген статус берілмеген. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар өз өмірлері үшін алаңдайды.

Қызылорда

Шанхай мөлтек ауданы. Фото: NUR.KZ

Не себепті екендігі белгісіз, тазалық мекемелері де бұл аймаққа мүлдем келмейтін сияқты.

Қызылорда

Шанхай мөлтек ауданы. Фото: NUR.KZ

Әр бұрышта жиналған қоқыстардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Тұрғындарға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер де жетерлік.

Қызылорда

Шанхай мөлтек ауданы. Фото: NUR.KZ

Шет аймақ тұрғындары мерейтой қарсаңында жақсы жаңалық күткендерін айтады. Бірақ бұл жолы да оң өзгерістердің барлығы облыс орталығынан әрі аса алмаған секілді.

Қызылорда

Шанхай мөлтек ауданы. Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
45
2
9
12
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel