RU
"Хабар" арнасында "Шашу" телехикаясы көрерменге жол тартады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Хабар" арнасында "Шашу" телехикаясы көрерменге жол тартады

Рассказать Вконтакте

26 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасында «Шашу» телехикаясы көрерменге жол тартады. Картинаның идея және сценарий авторы – Жәмит Көшербаев, қоюшы режиссері – Ернат Байұзақ.

«Хабар» телеарнасында «ШАШУ» телехикаясы көрерменге жол тартады

Күні кеше Алматы қаласынында журналистер мен блогерлер, түсірілім тобы мен актерлер құрамының қатысуымен сериалдың тұсаукесері өтті.

Отбасылық құндылықтар мен қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл өмірін насихаттайтын телесериалды «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша «5 студия TV PRODUCTION» түсірген.

«Көпшілік көрерменге жол тартатын «Шашу» комедиялық сериалының маңызы ерекше. Мұнда дәстүрлі отбаслық құндылықтар, шаңырақта болатын қарым-қатынасты бүгінгі заманда болып жатқан процесстермен салыстырып, жан-жақты жеткізілген», - дейді «Хабар» Агенттігі» Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев.
«Хабар» телеарнасында «ШАШУ» телехикаясы көрерменге жол тартады

Оқиға желісі бойынша басты кейіпкерлер Арман мен Аида шетелде білім алып, сол жақта табысып, отбасын құрған. Арман – дәрігер, ал Аида – сән әлеміне енді ғана қадам басқан жас дизайнер. Ал, ауылда қалған анасы баласының елге оралып, қара шаңыраққа ие боларына сенеді. Сондықтан елге қыдырып келген балаларын алып қалуға Науат апаның өзі кіріседі.

Телесериалда Науат апаның рөлін кино саласының майталманы Әлихан Ыдырышева сомдайды. Актрисаның айтуынша бұл туындының жастарға берер тәрбиелік мәні зор.

«Сериалда қазақтың салт-дәстүрлері бар. Соны жастар үйренсін, көрсін, білсін деген ниетпенен көрсетілген. Өйткені, өзіміз ауылда өстік қазақтың салт-дәстүрін әбден бойымызға сіңіріп өскен апа-әжелердің қатарынанбыз», - дейді Әлихан Ыдырышева.
«Хабар» телеарнасында «ШАШУ» телехикаясы көрерменге жол тартады

Сонымен қатар актерлер құрамында Қуандық Шәкіржанов, Айгүл Кәден, Еділ Рамазанов, Гүлшат Тұтова, Есжан Хамидуллин, Әйгерім Уалжанова бар. Сонымен қатар кино және театр әлемінде өзіндік жолын қалыптастырып үлгерген жас актер Әли Марат және аталмыш салада алғашқы қадамдарын бастап жатқан Мақпал Қасенова, Архат Қайратұлы басты рөлдерді сомдайды. Телехикаяның түсіріліміне елімізге белгілі дизайнерлер Аида Кауменова, Берік Исмаилов, Құралай Нұрқаділовалар да ат салысқан.

32 бөлімнен тұратын телехикаяны 26 қарашадан бастап, дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:45-те «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар.

*PR құқында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel